+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Қазақстан ХАҚҚ құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммиті коммюникесін қолдайды

2018 жылғы 24 тамыз 16:14
Бөлісіңіз:
Қазақстан ХАҚҚ құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммиті коммюникесін қолдайды

ТҮРІКМЕНБАШЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммиті коммюникесін қолдайды. Бұл туралы бүгін аталған ұйымның құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммитінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Толықтай алғанда бүгінгі кездесудің халықаралық ауқымдағы атаулы оқиға саналатындығы сөзсіз. Ол су мен экология мәселелерінде өңірлік кооперация процесіне жаңа серпін беруге бағытталған. Біз осы жерде жаңа басымдықтар мен міндеттерді айқындадық. Бұл мәселелерді шешу Орталық Азияның тұрақты дамуы мен гүлденуін қамтамасыз ету үшін түбегейлі маңызды мәнге ие. Оларды біз қысқа ғана уақыттың ішінде жүзеге асыра алмайтындығымыз түсінікті. Сондықтан мұның барлығы да бізден бірлескен іс-қимылды одан ары үйлестіруді талап етеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңірлік ынтымақтастық мәселесінде Қазақстан табанды әрі сенімді серіктес болып қала беретіндігіне сендірді.

«Біз бүгін қабылданған саммит коммюникесін қолдаймыз. Онда Арал теңізі бассейндегі дағдарыс салдарын еңсеруге деген біздің ортақ ұмтылысымыз көрініс тапқан», - деді Елбасы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT