Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 9 °С
Алматы: 24 °С
USD 346.68 EUR 404.02
RUB 5.47 CNY 51.15
Жаңалықтар

Қазақстан Гонконгтан статистика саласы бойынша тәжірибе алуда

2018 жылғы 17 сәуір 16:08 742
Бөлісіңіз:
Қазақстан Гонконгтан  статистика саласы бойынша тәжірибе алуда

БЕЙЖІҢ-ГОНКОНГ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының делегациясы Гонконгқа жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Германиямен құқықтық ынтымақтастық жасалды Қазақстан мен Ресей арасындағы мәңгілік достық декларацияға қол қойылғанына 20 жыл

Қазақстандықтар Гонконг статистикасы жөніндегі комиссарының көмекшісі, Л.Ю. және Гонконгтың халық санағы мен статистикасы департаментінің басшысы Х.Вонгпен кездесті. Олар статистика саласындағы қазіргі жетістіктермен, атапа айтқанда:  макроэкономикалық, демографиялық және әлеуметтік статистика, ақпараттық технологияларды пайдалану, жұмыс процестеріндегі статистикалық сауаттылық салаларымен танысты.

ҚР делегациясы Гонконгтығы  әріптестеріне Қазақстандағы статистикалық өнімді жетілдіру, бизнес процестерін жаңғырту, халық санағын дайындау мен өткізу кезіндегі статистикалық процестерді автоматтандыру  жетістіктері туралы айтып берді.

Кездесулерді қорытындылай келе тараптар ведомстволар  арасындағы байланыстарды дамыта отырып статистикалық сауаттылықты арттыру, тәжірибе алмасу, сондай-ақ мамандар үшін тренингтер ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізді.


Қазақстан Гонконгтан  статистика саласы бойынша тәжірибе алуда

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат