Қазақстан Германиямен жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Германиямен жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Бұл жайында бүгін Қазақстанның Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда неміс капиталы салынған 900-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың арасында ірі компаниялармен қатар шағын және орта бизнес өкілдіктері де бар. Бұл біз үшін өте маңызды. Себебі неміс экономикасының 98 пайыздан астамын шағын және орта бизнес кәсіпорындары құрайды», - деді ол елордада өткен Берлин еуразиялық клубының 26-отырысында.
Оның айтуынша, неміс капиталы салынған Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындар құрылыс, сауда, өнеркәсіп өндірісі, кен орындарын игеру сынды салаларда жұмыс істеп жатыр.

«Қазіргі уақытта цифрландыру мен коммуналдық шаруашылық және басқа да бағыттарда жұмыс жүріп жатыр. Қазақстан өнеркәсіп пен жоғары технологиялар саласындағы қазақстандық-германиялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Біздің еліміз өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес секторды дамытуға салынған инвестицияны құп көреді», - деді Б.Нүсіпов.

null

Айта кетейік, Берлин еуразиялық клубы 2012 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев пен Германияның бұрынғы вице-канцлері, Сыртқы істер министрі Х-Д.Геншердің бастамасымен құрылған болатын. Осы уақытқа дейін клуб отырыстары кезек-кезегімен елорда, Брюссель және Берлин қалаларында өткен.
null

Соңғы жаңалықтар