Қазақстан Германияға мұнай экспортын бір айда 150% арттырды

None
Ашық көздерден алынған фото
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуір айында Қазақстан Германияға мұнай экспортын 150%-ға арттырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әрі қарай Германияға жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті бағыты бойынша «Транснефть» ААҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан мұнайын тасымалдау көлемі сәуір айында наурыз айымен салыстырғанда 30 мың тоннаға немесе 150 %-ға артып, 50 мың тоннаны құрады

2023 жылдың ақпан-сәуір айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 90 мың тонна қазақстандық мұнайды жеткізді.


Соңғы жаңалықтар