Қазақстан гематолог дәрігерлерінің делегациясы тәжірибе алмасу үшін Түркияда болды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 15 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық облыстарындағы денсаулық сақтау мекемелерінің балалар гематологиясы мен үлкендердің онкогематологиясын емдейтін дәрігерлерінен құралған делегациясы түрік әріптестерімен кәсіби тәжірибемен алмасу мақсатындағы сапармен Түркияда жүр. Аталған сапар білім бағдарламалары шеңберінде  Түркия Республикасының Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТИКА) қолдауымен ұйымдастырылды.

Қазақстан денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері Анкарадағы Йылдырым Баязит атындағы ғылыми-зерттеу ауруханасында балалар гематологиясын, онкогематологияны емдеудің және жілік майын  ауыстырудың қазіргі заманғы әдістерімен және технологияларымен танысуда. ТИКА өкілдерінің ақпараты бойынша, осындай білім бағдарламалары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар