Қазақстан газ экспорттау жоспарын орындай алмады - Нұрлан Ноғаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 9 айында елімізде 41,6 млрд текше метр көлемінде газ өндірілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 2020 жылдың 9 айында елімізде 41,6 млрд текше метр көлемінде газ өндірілді. Бұл қаңтар-қыркүйек айларының жоспарымен салыстырғанда 99 пайызды құрайды.

«Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 11,1 млрд текше метрге жетті. Бұл биылғы жылдың 9 айылық жоспарына 100 пайыз тең. Экспортқа шығарылған газ көлемі 10,3 млрд текше метрді құрады. Бұл есепті ай жоспарының 78,6 пайызын құрайды. Газ экспорты көлемінің өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен артта қалуына Қытай Халық Республикасының газ импорты көлемін төмендетуі себеп болып отыр», - деді Нұрлан Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар