USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қазақстан ғарышкерлер саны бойынша 9-орынға табан тіреді - ғарышкер А.Айымбетов (ФОТО)

2015 жылғы 2 желтоқсан 14:31
Бөлісіңіз:
Қазақстан ғарышкерлер саны бойынша 9-орынға табан тіреді -  ғарышкер А.Айымбетов (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ұлттық кітапханада ҚР ғарышкері Айдын Айымбетов зиялы қауым өкілдерімен, кітапхана қызметкерлерімен кездесті.

«Бүгін сіздерге ғарышкер, батыр Айдын Айымбетов келді. Ол ғарышқа сапарында көптеген ғаламдық мәселелерге ғылыми жауап іздеді. Көптеген эксперименттер мен зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның еңбегінің нәтижесіне жақын арада куә боламыз деп үміттенемін. Ғарышты зерттеуде дамыған мемлекеттерге қарай бір қадам жақындай түстік», - деді жазушы, экономист Оразалы Сәбден.

Кездесу барысында қазіргі заман ақындарының ғарышты бағындыру туралы жырлары оқылды.

«Зиялы қауым өкілдері - біздің қоғамымыздың айнасы, абыройы. Мен қарапайым механик болсам, сіздер ойлау шеңберлеріңіз кең шығармашылық адамдарысыздар. Сондықтан, сіздермен кездесу мен үшін үлкен абырой. Зиялы қауым өкілдері - қоғамның дамуына тікелей ықпал ететін темірқазық жұлдыз», - деді ғарышкер.

Ғарышкер жиналғандарға өзінің ғарышқа сапары туралы айтып берді.

«Сапар барысында 20 шақты тәжірибе жасалды. Олардың барлығын дерлік отандық ғалымдар дайындаған. Менің сапарыма салынған 20 млн. доллар туралы да көп әңгіме айтылды. Бірақ, менің ойымша, бұл біздің ғалымдарымыздың еңбегі жанып, халқымыздың бір қадам алға жылжуына әкелді. Қазақстан ғарышкерлер саны бойынша 9-орынға тұрақтады. 10 жылдан соң жетекші ғарыш державалары Айды бағындыра бастайды. Мен қазақ ғарышын саласының атынан ұшқаныма шексіз мақтанамын», - деді ол.

Кездесу соңында Айдын Айымбетов сұрақтарға жауап беріп, Ұлттық кітапхана ұжымынан сыйға естелік кітап алды.

1

2

3

4

5

6






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT