«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да жаңа тағайындаулар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жаңа ұйымдық-штаттық құрылым бойынша жұмыс істейді.

Компания президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожиннің бұйрығымен жаңа тағайындаулар болды.

Жалпы мәселелер бойынша вице-президент қызметіне бұған дейін құқықтық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық департаментін басқарған Ерболсын Нұрсейітов келді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның қаржылық директоры қызметіне қайта құруға дейін экономика және қаржы бойынша вице-президент болып жұмыс істеген Ербол Оспанов тағайындалды.

Жаңа құрылған перспективалы жобалар орталығының директоры болып бған дейін компанияның жобалық кеңсесін басқарған Айберген Русланұлы тағайындалды.

2015 жылдың басында Ұлттық ғарыш орталығының құрылыс және пайдалануға беру бойынша вице-президенті қызметіне компанияға «Бәйтерек» БК-ынан келген Мамадияр Ахмедов тағайындалды. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның құрылыс бойынша бұрынғы вице-президенті Рәшид Әбдіразақов «Ғалам» БК-ға жұмысқа ауысты.

Бағлан Қазиев компанияның ғарыш жүйелерін құру және пайдалану бойынша вице-президенті қызметінде қалды.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшылығының айтуынша, жаңа ұйымдық-штаттық құрылымның қажеттілігі компанияның жобалық басқарудан өндірістік басқаруға өтуіне байланысты болды.

«Жаңа құрылым мен міндеттерді дұрыс бөлу алдымызда тұрған міндеттерді табысты орындауға мүмкіндік беретініне үміттенемін», - деді М.Нұрғожин.

Соңғы жаңалықтар