Қазақстан ғалымдары дәрі-дәрмектің дозасын дәл есептейтін ДНҚ-тест әзірледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан ғалымдары дәрі-дәрмектің жеке дозасын дәл есептейтін ДНҚ-тест әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ұлттық биотехнология орталығының ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханада биология ғылымдарының кандидаты Елена Жолдыбаеваның жетекшілігімен Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу кезінде кеңінен тағайындалатын «Варфарин» және «Плавикс» тромболитикалық препараттарының жеке дозасын таңдауға арналған жедел ДНҚ-тест әзірленді. Әзірленген ДНҚ-тест пациенттің генетикалық талдауы негізінде дәрі-дәрмектің жеке дозасын дәл есептеуге мүмкіндік береді», - делінген Ғылым комитеті таратқан ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, бұл препарат мөлшерден тыс дозалану қаупін айтарлықтай азайтады және тағайындалған дозаның жеткіліксіздігіне байланысты тиімсіз емді жояды.
Тест-жүйенің бірегейлігі – ол Қазақстанның кез келген диагностикалық зертханасында бар қолжетімді жабдықпен (нақты уақыт режиміндегі амплификатор) үйлеседі. Ал алыс шетелдерде осыған ұқсас жүйелер қымбат тұратын ДНҚ-чиптерді қолдану арқылы жұмыс істейді.
Қазіргі таңда ДНҚ-тест Нұр-Сұлтан қаласы ауруханаларында емделіп жатқан науқастар үшін қолданылады. Ғалымдар бүкіл Қазақстанды қамтуды және өнеркәсіптік ауқымда ДНҚ тестерін жеткізуді жоспарлап отыр.
- Гонконгте індет тарағалы алғаш рет локдаун енгізілді
- Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 50 адамның жағдайы өте ауыр
- Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
- Қазақстанда өткен тәулікте 839 адам коронавирустан жазылды
-
Қазақстанда соңғы бір тәулікте 1584 адам коронавирус жұқтырды
-
Атырауда І топтағы мүгедек дипломын 13 жылдан соң алды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам