Қазақстан ғалымдары артериялық патологияны емдеудің жаңа әдісін тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық ғалымдар артериялық патологияны емдеудің жаңа әдісін ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғалымдардың пікірінше, бұл миокард инфарктінен, инсульттан, трофикалық жаралардан, аяқ гангренасынан, сондай-ақ басқа да мүшелердің мүгедектігі мен өлімді азайтады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қан тамырлары патологиясы орталығы мамандары артериялық тамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіруге арналған құрылғылар мен әдістерге Қазақстанның екі патентін және Еуразиялық патенттік ведомствоның екі патентін алды.

«Біздің өнертабыстарымыз «Артериялық тамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіруге арналған құрылғы және әдіс» және «Атеросклеротикалық бляшкаларды селективті ультрадыбыстық диссекцияға арналған құрылғы және артериялық тамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіру әдісі» деп аталады. Емдеу әдісі мынадай: біз артерияларда жабық қуыс жасап, артерия арқылы қан өтіп жатқан кезде атеросклеротикалық бляшкаларды препаратпен ерітеміз. Бұл өнертабыстар атеросклеротикалық бляшкаларды түбегейлі жоюға және бірден бірнеше артерияны тазалауға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді университеттің Қан тамырлары патологиясы орталығының директоры Оралбай Дәрменов.

Бұл құрылғыларды қолдану қан тамырларын стенттеу, сондай-ақ өмірлік маңызды мүшелер – жүрек, ми, аяқ артерияларының тамырларына ашық шунттаушы операциялар сияқты белгілі және күрделі әдістермен салыстырғанда, емдеудің салыстырмалы түрде тиімді болжамдары мен сапасын береді.

«Жыл сайын әлемде стенттер 60 млрд долларға сатылады, біз ұсынатын емдеу әдісі әлдеқайда арзанырақ болады. Біздің өнім техникалық та, құны жағынан да жақын аналогтардан бірнеше есе асып түседі», – деді профессор Оралбай Дәрменов.

Қазіргі уақытта ғалымдар клиникалық сынақтар мен коммерциялық өндіріске арналған құрылғылардың зертханалық және өндірістік үлгілерін жасаумен айналысып жатыр.


Соңғы жаңалықтар