Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-дан 750 мың еуро алады

2018 жылғы 11 қазан 07:55 248
Бөлісіңіз:
Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-дан 750 мың еуро алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА Ұлттар лигасына қатысатын 55 қауымдастықтың ынтымақтастық төлемі мен бонустық төлемақысын көбейтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА футбол ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Джермалл Чарло Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты басталады

Аталып өтілгендей, турнирге қатысып жатқан құрамалардың 55 қауымдастығының төлемдері 50% артады. Сондай-ақ, A, B, C және D лигаларының жеңімпаздарына да сыйақы көбейеді. Бірінші орын иегерлеріне бонустық жүлде де 50% жоғарылайды.

Осылайша, А лигасының командасы турнирге қатысқаны үшін € 2,25 млн, B лигасынан - € 1,5 млн, С - € 1,125 млн, D - € 0,75 млн алады. Өз топтарында жеңіске жеткен командалар лигаға қатысқандары үшін де жүлделерге ие болады. Қазақстан футбол федерациясының табысы біздің құрамамыз өз тобында бірінші орын алса, екі есеге артады.

2019 жылдың маусымында Ұлттар лигасының ақтық сынында ойнайтын А лигасының төрт тобындағы жеңімпаздардың да төлемдер артады. Ақтық сында төртінші орын алған команда € 2,5 млн, үшінші орын - € 3,5 млн, финалға шыққан команда - € 4,5 млн, жеңімпаз - € 6 млн алады.Ұлттар лигасының жеңімпазы ақтық сыннан кейін € 10,5 млн сыйақыға ие болады.

Еске салайық, 13 қазанда Станимир Стоиловтың қамқорлығындағылар Латвия құрамасымен ойнайды. 3 күннен кейін өз алаңында Андорра командасын қабылдайды. Бұл матчқа билеттерді онлайн алуға болады. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT