Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 361.15 EUR 414.71
RUB 5.53 CNY 52.07
Jańalyqtar

Қазақстан футбол федерациясы «Ақтөбенің» мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

2018 жылғы 21 қыркүйек 20:58 369
Бөлісіңіз:
Қазақстан футбол федерациясы «Ақтөбенің» мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) «Ақтөбе» футбол клубының айналасында қалыптасқан мәселеге байланысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан футбол федерациясы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясына (ФИФА) мүше болу - ұлттық қауымдастықтар мен футбол субъектілерін ұйымның жарғысы мен ережелерін сақтауға міндеттейді. ҚФФ «Ақтөбе» футбол клубының ішкі және халықаралық аренадағы табыстарын ескере отырып, чемпионатқа, футболшылар мен футбол қоғамдастығына нұқсан келтірмейтіндей реттеуге талпынды. Сондай-ақ ФИФА мен ҚФФ-тың ережелері мен құжаттарын қатаң сақтау жөнінде клубты бірнеше рет хабардар етті. Сонымен қатар, ойыншылар алдында қарызды міндетті түрде өтеу қажеттігін хабарлады, - делінген ҚФФ мәлімдемесінде.

Атап өтілгендей, ФИФА мен Қазақстан футбол федерациясының заң органдарының шешімін елемеу және орындамау арқылы қатаң санкцияларға ұшырайтыны жөнінде «Ақтөбе» футбол клубы облыс жетекшілігінің деңгейіне дейін бірнеше мәрте ескертілген.

«Қазіргі уақытта футбол клубына қатысты сот ісі жоғарыда айтылған құжаттардың талабына қайшы жүріп жатыр», - деді ҚФФ-тан.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық бірқатар БАҚ-та ФИФА-дан ҚФФ-тің жауапты хатшысының атына хат келгені айтылды. Онда Халықаралық федерация ҚФФ-тан «Ақтөбе» футбол клубына және оның бұрынғы ойыншыларына қатысты сот отырыстарына нүкте қою үшін «қисынды шаралар қабылдауды» сұраған. Сот отырыстары қазір Ақтөбе қалалық сотында өтуде.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT