Қазақстан футбол федерациясы тәртіп бұзған жанкүйерлер үшін 11,6 мың еуро айыппұл төлейді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – УЕФА футболдан өткен «Қазақстан - Словакия» матчында қазақстандық жанкүйерлердің қоғамдық тәртіп пен жарыс регламентіне бағынбағаны үшін 11 625 еуродан астам айыппұл белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан футбол федерациясы отандық жанкүйерлердің ортақ тәртіпке бағынбағаны үшін жауап бермек.

«УЕФА Ұлттар Лигасының Словакия құрамасына қарсы матчында Қазақстан командасының жанкүйерлері футбол федерациясының қоғамдық тәртіп пен жарыс регламентін сақтау туралы бірнеше рет жасаған ескертуі мен өтінішіне қарамастан, трибунадан футбол алаңына түрлі заттарды лақтырды», - деп хабарлайды футбол федерациясының баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, аталған фактіні матч делегаты тіркеп, УЕФА-ның бақылау-тәртіптік және этикалық инстанциясы федерацияға 11 625 еуро көлемінде айыппұл салу туралы шешім қабылдады.

Бұл маусымда федерацияға осымен екінші рет санкция салынып отыр. Осы орайда, ұйым жанкүйерлерді жоғары мәдениеттілік танытуға, қатысушылар, ұйымдастырушылар мен стадиондағы өзге де көрерменге құрметпен қарауға шақырады. Сондай-ақ, УЕФА бұдан да қатаң шара қабылдауы мүмкіндігін ескертеді.



Фото: kff.kz

Соңғы жаңалықтар