Қазақстан-француз қатынастары тарихының 10 фактісі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Фейсбуктегі аккаунтында қазақстан-францукз қатыстары тарихының 10 фактісін жариялады.

1. Франция Қазақстанның мемлекеттік егемендігін 1992 жылдың 7 қаңтарында мойындады;

2. Қазақстан Президенті Францияға 10 рет барған, оның бұл елге соңғы сапары 2012 жылы өткен;

3. Нұрсұлтан Назарбаев пен Франсуа Олландтың алдағы кездесуі соңғы 3,5 жылда есеп бойынша бесінші болмақ;

4. Франция Қазақстанның сауда әріптестерінің тізімінде 5-ші орын алып отыр;

5. Қазақстанда француз капиталының қатысуымен «Тоталь», «Данон», «Пежо», «Альстом» және т.б. ірі кәсіпорындар табысты жұмыс істеп отыр;

6. 2013 жылдың мамырында Парижде еуропалық қазақтардың Кішіқұрылтайы болып өтті;

7. 2014 жылдың соңында Алматыда әлемде екінші және Орталық Азияда бірден-бір болып табылатын франциялық «Сорбонна» университетінің филиалы ашылды;

8. 2015 жылдың 29 наурызынан бастап «Эйр Астана» іске асыратын Астана-Париж бағдары бойынша тікелей әуе қатынасы ашылды;

9. Франция Президенті Шарль де Голль 1966 жылдың маусымында «Байқоңыр» ғарыш айлағына барған бірінші шетелдік көшбасшы болды;

10. Қазақтың танымал әншісі Ә.Қашаубаев Париждегі «ЭКСПО-1925» көрмесінің аясында өткен 2-ші этнографиялық концертте Қазақстанның шетелге барған бірінші әншісі болды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің Францияға ресми сапары 4-6 қараша күндері өтеді.

Соңғы жаңалықтар