USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстан Францияға өңделген өнімді көбірек жеткізе бастады

2021 жылғы 7 мамыр 15:32
Бөлісіңіз:
Қазақстан Францияға өңделген өнімді көбірек жеткізе бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Франция арасындағы сауда көлемі туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау мен Чехияның сауда айналымы 12,8 млн долларды құрады Шикізат емес экспорт көлемі 2025 жылға қарай 1,5 есе артады Доллар қымбаттап жатыр

«Пандемия шектеулеріне қарамастан, екі ел арасындағы өңделген өнімнің айналымы 2020 жылы 24% өсіп, 1,2 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстаннан Францияға экспортталатын өңделген тауарлар көлемі 14%-ға (254 млн. АҚШ доллары) артты. Бұл тараптардың қосымша құны жоғары өнімдермен сауда жасауға деген өзара қызығушылығын білдіреді» делінген баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін Парижде қазақстандық тауарлардың таныстырылымы өткені хабарланған болатын.

QazTrade Франциядағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Advantage Group ұйымдастырған Париждегі «Қазақстанда жасалған» онлайн көрмесіне қатысты.

Іс-шарада «SUN-BEE ALTAI» ЖШС мен «Ордабасы құс» ЖШС-ның бал және күркетауық, AGF-Group компаниясының үй тоқыма бұйымдары, ZD Flex компаниясының малға арналған белгілері мен төрт түліктен қан алу жүйелері ұсынылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT