Қазақстан Финляндиямен инвестиция мен жоғары технолиялар саласында ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

None
None
аурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан Финляндиямен инвестиция мен жоғары технолиялар саласында ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан-Финляндия бизнес-форумы барысында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасының өткен жылы Финляндияға жасаған сапарынан кейін бірқатар тапсырмалар берілді. Атап айтқанда бұл тапсырмалар фин компанияларымен ынтымақтастықты нығайтуға негізделген. Сондықтан біз қарым-қатынастарды үш бағытта белгілеп отырмыз»,-деді министр.

Ә. Исекешев бірінші бағыт фин компанияларының инвестициясына арналып отырғандығын жеткізді. «Атап айтқанда, ынтымақтастық бойынша бізде өте жоғары әлеует бар. Екінші мақсат-технология саласындағы байланыстарға және бірлескен ғылыми зерттеулерге негізделген. Сондай-ақ үшінші бағыт бойынша фин компанияларының сарапшыларын біздің жұмыстарға тартқымыз келеді. Себебі, олар көптеген бағыттар тұрғысында, яғни ғылым және инновацияда аталған елдің институттары жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр»,-деді ведомство басшысы.

Атап айтқанда Финляндияның өндірісі мен экспорт құрылымында жоғары үлесті электроника мен электротехника (28 пайыз), машина, жабдықтар және көлік (17пайыз), металл бұйымдары (13 пайызы), мұнай және химиялық өнімдер (13 пайыз) құрайды.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, Қазақстан мен Финляндия арасында 2009 жылғы қаңтар-қараша айларында тауар айналымы 705,1 миллион АҚШ долларына жеткен.

Соңғы жаңалықтар