Қазақстан ФИФА рейтингінде жоғарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол қауымдастығының ресми сайтында 17 мамыр күні жаңартылған рейтингте Қазақстан Ұлттық құрамасы екі сатыға жоғарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Футбол федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан құрамасы соңғы айда ешқандай ойын өткізбесе де, ФИФА рейтингінде екі сатыға жоғарылап, 117-орынға шыққан.

Станимир Стойлов командасы наурыз айында Венгрия (3:1) және Болгария (1:2) құрамаларымен жолыққан болатын.

Футболшыларымыздың келесі ойыны 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында Әзербайжан құрамасына қарсы өтеді. Әзербайжан құрамасы жаңа рейтингте - 126-орында тұр.

ФИФА рейтингі. 17 мамыр:

1 (1). Германия - 1544 ұпай,
2 (2). Бразилия - 1384,
3 (3). Бельгия - 1346,
4 (4). Португалия - 1306,
5 (5). Аргентина - 1254,
6 (6). Швейцария - 1179,
7 (7). Франция - 1166,
8 (8). Испания - 1162,
9 (9). Чили - 1146,
10 (10). Польша - 1128,
117 (119). Қазақстан - 273.

Соңғы жаңалықтар