Қазақстан фермерлеріне қосымша 100 млн еуро бөлінбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық инвестициялық банкі пен «Аграрлық несиекорпорациясы» АҚ Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің шағын және орта кәсіпорындарын 100 млн еуро сомасына несиелеу үшін қаржы шартына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Атап айтқанда, осы және өзге де бірқатар құжаттар Астанадағы «AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсіптік инвестициялық форумы аясында бекітілді.

 «Бүгін маңызды құжаттарға қол қойылды. Осы орайда жылыжай кешенін құру жөніндегі шарт бекітілді. Тікелей инвестициялардың бірлескен қорын құру бойынша ҚазАгро мен Da Vinci Capital инвестициялық компаниясы арасында келісімге, сондай-ақ ҚазАгро мен Азия даму банкі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. «Агротехнологияларды коммерциялау және трансферт орталығы» ЖШС  өзара түсіністік туралы екі меморандумды «SAB Agrobusiness» LLP мен «PHOENIX FEED MILLS» LLP компанияларымен бекітті»,-деді «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов.

 Мұнымен қоса, форум барысында «RACS» компаниясы мен «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ арасында да меморандум жасалды. Тараптар Қазақстанның ауылшаруашылық тауарөндірушілеріне Халал талаптарына сәйкес, оны Парсы шығанағындағы Араб Мемлекеттерінің Ынтымақтастық Кеңесіне (ПШАМЫК) кіретін елдерде мойындау мақсатында Халал өнімдерін сертификаттауға көмек көрсету бөлігіндегі өзара тиімді ынтымақтастыққа уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар