Қазақстан фермерлері киік таптаған алқаптардан 200 мың тонна астық жоғалтуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстан диқандары киік таптаған алқаптардан 200 мың тонна астық жоғалтуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұсынған деректерге сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 6,7 мың, Қарағанды облысында 23,2 мың, Ақтөбе облысында 10,3 мың, Қостанай облысында 49,6 мың және Ақмола облысында 141,9 мың гектар, жалпы 261,7 мың гектар егістік алқабы киік тұяғының астында қалған.

Демек, шаруалар бұл алқаптан өнім ала алмайды.

2021 жылы болған қуаңшылыққа қарамастан еліміздің фермерлері орта есеппен 1 гектар алқаптан 8,3 центнерден өнім алды.

Ал 2020 жылғы астықтың орташа түсімі гектарына 12,3 центнерден айналған болатын.

Биылғы түсімді орта есеппен гектарына 8,3 центнер деп алғанның өзінде диқандарымыз 217 мың тоннадан астам астықтан қағылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар