+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қазақстан фермерлер одағының экс-басшысы 19 жылға сотталды

2019 жылғы 16 қазан 17:23
Бөлісіңіз:
Қазақстан фермерлер одағының экс-басшысы 19 жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан фермерлер одағының бұрынғы басшысы Әуезхан Дарынов 19 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да екі кісінің қанын жүктеген қылмыскер қалған өмірін абақтыда өткізеді Қытайда сәбидің генін модификациялаған ғалым сотталды ҚР Жоғарғы сотының бірқатар судьялары сайланды

«Сот үкімімен Әуезхан Дарынов ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі, 122-бабы 1-бөлігі, 120-бабы 4-бөлігі, 121-бабы 4-бөлігі, 124-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, оған жасөспірімдер ісіне қатысты педагогикалық және өзге де жұмыспен айналысуға тыйым салынды», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.

Қазақстан фермерлер одағының бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің «жас балаға күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау», «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу», «бірнеше рет зорлау» баптары бойынша сотталып отыр.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, осы жылдың басында ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстан фермерлер одағы басшысының ұсталғанын хабарлаған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Сот, Оқиға, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT