Қазақстан ЭЫДҰ тәуекел рейтингіндегі орнын жақсартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭЫДҰ Сауда және ауыл шаруашылығы директоратының Экспорттық кредиттер мен кредиттік кепілдіктер жөніндегі жұмыс тобы тұрақты негізде жүргізетін елдік тәуекел рейтингінде Қазақстан бесінші топқа көтерілді. Осы халықаралық құрылымда елімізді «KazakhExport» компаниясы («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) таныстырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әлемнің барлық елдерін тәуекелдің 8 санаты бойынша саралайды. Олар үш көрсеткіш: төлем жүргізу тәжірибесі, елдің қаржылық және экономикалық жағдайы негізіндегі талдаудың кредиттік тәуекел бағасына байланысты бөлінеді. ЭЫДҰ-ның Экспорттық кредиттер мен кредиттік кепілдіктер жөніндегі жұмыс тобы жүргізетін осы талдау кез келген мемлекеттің кез келген меншік нысанындағы кәсіпорындары мен мемлекеттік органдарын экспорттық-кредиттік агенттіктер ресурстарының есебінен қаржыландыру құнын анықтайды. Қазақстан алғаш рет осы топ отырысына 2017 жылдың қараша айында қатысты. Сол кезде біздің еліміз тек алтыншы топқа кіретін.

Бүгінгі күні еліміздің өкілі ретінде KazakhExport ЭЫДҰ мүшелерін өзінің қаржылық құралдары, көрсеткіштері мен даму келешегі негізіндегі Қазақстанның экспорттық әлеуетімен тұрақты түрде таныстырады. Сондай-ақ компания халықаралық әріптестеріне еліміздегі экспорттық саясатты мемлекеттік қолдау шаралары, қаржылық және институционалды құралдар мен Қазақстан Республикасының 2022 жылға дейінгі Ұлттық экспорттық стратегиясының ережелері жөнінде ақпарат беріп отырады.

Бұған қоса, KazakhExport әлеуетті түрде рейтингті жоғарылату туралы кеңес бере алатын ЭЫДҰ-ның жетекші елдерінің өкілдерімен бірқатар келіссөздер жүргізіп, компанияның халықаралық стандарттарды, Қазақстан Республикасының қаржы-сақтандыру саласындағы процедуралар мен ұсыныстарды енгізу талпыныстары жөніндегі презентациялық материалдарымен таныстырды.

Осы рейтингтегі орнының жақсаруы Қазақстанның қаржылық тұрақтылығының нығаюы туралы ақпаратты ЭЫДҰ қатысушы - елдерінің дұрыс қабылдағандығын, сондай-ақ банк секторының дамыуын және қаржылық міндеттемелерді орындау жөніндегі халықаралық әріптес ретінде біздің мемлекеттің сенімділік мәртебесінің көтерілуін көрсетеді.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ - «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы. KazakhExport экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдаумен және қазақстандық кәсіпорындарға қаржылай-сақтандыру және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастырумен айналысады. «KazakhExport» ЭСК» АҚ 2023 жылға пайымы - Қазақстан Республикасының Орталық Азия аймағындағы және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі мемлекеттік сыртқы экономикалық саясатын іске асырудағы негізгі даму институты атану. Өнімдер экспорты саласындағы мемлекеттік қолдау құралдарымен keg.kz сайтында толығырақ танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар