Қазақстан Еуропамен өзара тиімді кооперацияны кеңейту үшін мүмкіндіктердің барлық спектрін іске қосуға дайын - Тоқаев

Фото: Фото: t.me/aqorda_resmi
ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат - Қазақстан Презхиденті Шолпан-Ата қаласында өтіп жатқан «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитінде Еуропамен ынтымақтастық мәселесін сөз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Былтыр қараша айында Еуропалық Комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен бірге тұрақты шикізат, аккумуляторлар және жаңғыртылатын сутектің құнын жасақтау тізбегі бойынша стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойдық. Біздің көпқырлы ынтымақтастығымызды одан әрі дамыту үшін мүмкіндік мол. Географиялық жағдайын ескере отырып, Қазақстан Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді кооперацияны кеңейту үшін өзінің сауда-экономикалық және көлік-логистикалық мүмкіндіктерінің барлық спектрін іске қосуға дайын», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар