Қазақстан еуропалық серіктестеріне 60-тан астам кен орнын игеруде жеңілдік беруге дайын

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Еуропалық Одақтағы серіктестеріне 60-тан астам кен орнын игеруде жеңілдік беруге дайын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» басшыларының екінші кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан үшін газ өңдеу қуатын және газ тасымалдау жүйесін дамыту тағы бір басым бағыт саналады. Осыған орай, біз үшін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магитралды газ құбырының екінші желісін саалу, сонымен қатар Қашаған кен орнында жылдық уақыт 4 млрд текше метр болатын газы өңдеу зауытын салу зор маңызға ие. Өңірлік ауқымда осындау маңызға ие жобаларды ілгерілетуде еуропалық серіктестердің мұнан ары да қолдауына үміт артамыз», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сирек кездесетін металлдар саласында қабылданған жол картасы елімізге зор мүмкіндіктер ашатынын баса айтты.

«Біз еуропалық серіктестерімізге Қазақстан аумағындағы 60-тан астам бағалы әрі түсті металлдар кен орындарын барлауға және өңдеуге жеңілдік беруге дайынбыз», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар