Қазақстан Еуропа мен Азия аралығындағы трансқұрлықтық және транзиттік көпір рөлін атқара алады - вице-министр А. Бектұров

None
None
анның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Қазақстан Еуропа мен Азия аралығындағы трансқұрлықтық және транзиттік көпір рөлін атқара алады.  Бүгін елордада өтіп жатқан ЕҚЫҰ 18-ші экономикалық-экологиялық форумының дайындық конференциясы барысында Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров осылай мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, конференция «Шекараларды өту, қауіпсіздік және автомобиль көлігінде жүк тасымалдау барысында транзит жүйесін тиімді қалыптастыру» тақырыбында өтіп жатқан болатын.

«ЕҚЫҰ мемлекеттер арасындағы өзара байланысты нығайту мен сауда-экономикалық қатынастың кеңеюіне қомақты үлес қосқан ең беделді халықаралық ұйым болып табылады. Біз ЕҚЫҰ-ға 2010 жылғы Қазақстанның төрағалық етуін халықаралық қауымдастық тарапынан еуразиялық құрлықтағы ықпалдастық үдерісін дамытудағы еліміздің рөліне берілген жоғары баға деп білеміз. Сондықтан да, тиімді географиялық ортада орналасқан Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің артуына, өңірлік экономикалық ынтымақтастықтың тереңдеуіне атсалысатын болады», деді жиынды ашып сөз сөйлеген вице-министр.

Сонымен бірге, вице-министр жаһандану мен жоғары жылдамдыққа баса назар аударылып отырған ғасырда  көлік саласы экономиканың маңызды құрылымы болып қалғанын атап, саланың жұртшылық өмірінде айтарлықтай рөлі артып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, көлік саласының қызметін сенімді және жемісті қамтамасыз ету барысында бірқатар проблемаларды шешу қажет. «Шекараларды өту, жүк тасымалдау барысында қауіпсіздік пен транзит жүйесін тиімді қалыптастыру бірыңғай еуразиялық көліктік кеңістік жүйесіндегі маңызды мәселе болып табылады. Осы бағыттағы проблемаларды шешу үшін әрі ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер кедергілерді жоюы мақсатында бірқатар кешенді шаралар қабылдауы шарт. Оның ішінде тарифтік реттеулердегі келіспеушілік, шекарадан өтудегі құжат рәсімдеу кедергілері еуразиялық аумақта жер бетімен атқарылатын көлік бағыттарының бәсекеге қабілеттігін төмендетеді», деді А. Бектұров. Оның айтуынша, Қазақстан Еуропа мен Азия аралығындағы трансқұрлықтық және транзиттік көпір рөлін атқара алады. Бұндағы мақсат - ЕҚЫҰ аясында Батыс пен Шығыс арасындағы халықаралық жер бетімен тасымалдауға қолайлы жағдай жасау арқылы ЕҚЫҰ өңіріндегі көлік қатынасын жетілдіру болып отыр.

Соңғы жаңалықтар