Қазақстан Еуропа қайта құру және даму банкінен 142 млн. доллар қарыз алады

None
None
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Еуропа қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді («Шымкент-Ташкент» жолының учаскесін реконструкциялау) ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Келісімге сәйкес, Қазақстан Еуропа қайта құру және даму банкінен 142 млн. доллар сомасында қарыз алады. Оны өтеу мерзімі 4 жылдық жеңілдікті қоса алғанда 18 жылды құрайды. Аталған қарыз сомасы ұзақтығы 62 шақырымды құрайтын жол учаскесіне цемент бетонды төсеуге, төрт жолақты қозғалысты ұйымдастырып, оны бірінші санатқа ауыстыруға жұмсалатын болады. Бұл учаске Өзбекстанмен мемлекеттік шекарадағы «Жібек жолы» шекара бекеті мен «Шымкент-Ташкент» жолының 742-шақырымы арасында орналасқан.

Учаске құрылысына қатысты Қазақстан Үкіметінің бірлесе қаржыландыруы 34,7 млн. доллардан аспайтын болады.

Соңғы жаңалықтар