Қазақстан Еуроодақпен дәрі-дәрмек саласындағы ынтымақтастықты кеңейтпек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының 11-отырысына қатысушылар денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан мен Еуроодақ алдында медицина және фармацевтика салаларындағы әріптестікті нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашылды. Біз өзара ынтымақтастыққа және алдымызда тұрған міндеттерді бірлесіп шешуге дайынбыз», — деді Әлихан Смайылов.

Отырысқа қатысушылар сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, медициналық мекемелерді басқару, дәрі-дәрмектерге баға белгілеуді реттеу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, сондай-ақ жалпы денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелерін талқылады. Шара аясында «сұрақ-жауап» сессиясы өтті, оның барысында орталық мемлекеттік органдардың өкілдері шетелдік әріптестердің қызықтырған тақырыптары бойынша сауалдарына жауап берді.

Отырысты қорытындылай келе, Премьер-Министр Үкімет алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жөніндегі қадамдарды әзірлеу және іске асыру үшін келіп түскен ұсыныстарды жедел қарайтынын атап өтті.


Фото: primeminister.kz

Соңғы жаңалықтар