Қазақстан Еуро-2020 іріктеу кезеңінің соңғы матчында жеңіліс тапты

None
None
ГЛАЗГО. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты-2020 іріктеу кезеңінің соңғы матчында сырт алаңда Шотландиядан жеңілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР футбол федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР құрамасын Глазго қаласында Шотландия құрамасымен ауыр матч күтті. Кездесуді турнирлік кестедегі үшінші орын үшін тартыс деп айтуға болар еді. Белгия мен Ресей құрамаларынан кейінгі үшінші сатыға орналасу үшін қазақстандықтарға Шотландия өкілдерін өз алаңында жеңу қажет болды.

Матчтың алғашқы 30 минутында команда қақпалары алдында айтарлықтай шиеленісті сәттер болмады. 34-минутта Бактиер Зайнутдиновтің голының арқасында Қазақстан есеп ашты. Артынша, құрамамыздың голкипері Дмитрий Непогодов командамызды бірнеше жауапты голдан құтқарып қалды.

Екінші таймның басында Шотландия айып алаңынан гол соғып, есепті теңестірді. Көп ұзамай алаң иелері екінші допты қақпамызға дөп түсірді.

Қалған уақытта Михаил Билек матч барысын ойыншыларды ауыстыру жолымен өзгертпек болды. Алаңға Максим Федин мен Исламбек Қуат шықты. Бірақ шотландықтар есепті теңестіруге жол бермеді.

Негізгі уақытқа қосылған минуттарда Джон Макгинн екінші голын рәсімдеп, кездесу қорытындысын шығарды, есеп – 3:1.

Осылайша, Қазақстан құрамасы іріктеу циклында 10 ұпай жинап, он жыл бұрынғы рекордын қайталады. Құрамамыз балы Кипрмен тең, бірақ қазан айында өз алаңында жеңіліс тапқандықтан, топтағы төртінші орыннан айырылып қалды.

Шотландия – Қазақстан - 3:1 (0:1)

Голдар: Джон Макгинн 48, 90+1, Стивен Нейсмит 64 - Бактиер Зайнутдинов 34

Ескертулер: Деклан Галлахер 66, Бауыржан Исламхан 22, Айбол Әбікен 44, Александр Марочкин 67, Исламбек Қуат 82

Шотландия: Дэвид Маршалл (В), Лиам Палмер, Грег Тейлор, Деклан Галлахер, Скотт Маккена, Райан Джек, Джон Макгинн (Стюарт Армстронг 90+1), Каллум Макгрегор, Джеймс Форрест, Стивен Нейсмит (К) (Оливер Берк 78), Райан Кристи (Джон Флек 83);

Резерв: Джон Маклафилин (В), Крейг Макгилливрей (В), Райан Портеус, Стивен О'Доннелл, Грэм Шинни, Майкл Дэвлин, Льюис Морган, Эмонн Брофи, Оливер Макберни;

Бас бапкер - Стив Кларк.

Қазақстан: Дмитрий Непогодов (В), Дмитрий Шомко, Александр Марочкин, Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Ғафуржан Сүйімбаев, Айбол Әбікен, Юрий Перцух (Исламбек Қуат 74), Бауыржан Исламхан (К) (Максим Федин 74), Бактиер Зайнутдинов, Алексей Щеткин (Абат Айымбетов 83);

Резерв: Стас Покатилов (В), Игорь Шацкий (В), Темірлан Ерланов, Нұралы Әліп, Олжас Керімжанов, Дмитрий Мирошниченко, Георгий Жуков, Асхат Тағыберген;

Бас бапкер - Михал Билек.

Төрешілер: Бас Нейхейс, Йохан Балде, Дэви Гооссенс (барлығы - Голландия)

19.11.2019. Глазго, Шотландия. «Хэмпден Парк» стадионы, көрермендер саны - 19 515.

Фото: kff.kz

Соңғы жаңалықтар