+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Қазақстан этностары: Герольд Бельгер, Анатолий Храпатый, Денис Тен 50 көрнекті тұлға қатарына енді

2019 жылғы 12 қараша 15:01
Бөлісіңіз:
Қазақстан этностары: Герольд Бельгер, Анатолий Храпатый, Денис Тен 50 көрнекті тұлға қатарына енді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты Қазақстан халқының жалпы тарихи-мәдени мұрасына этностардың қосқан үлесі туралы зерттеудің нәтижесін таныстырды. Бұл еңбек ел дамуына елеулі үлес қосқан 50 көрнекті тұлғадан тұратын бірегей мәліметтер базасы түрінде ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық және мемлекеттік наградаларымен марапаттау рәсімі өтті Түркістанда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  ХХІI сессиясы өтті Назарбаев этносаралық келісім мен бірліктің сақталуын айқындады - ҚХА

«Біздің еліміз тәуелсіз ұлттық мемлекеттіліктің өзіндік үлгісін құра алды, оның негізгі құрамдастары: патриотизм, этномәдени дәстүрлер мен қоғамдық келісім құндылықтары болып табылады. Сондықтан «Рухани жаңғыру» аясында жүзеге асырылатын осындай жобалар ұлттық бірлікті нығайтуда ерекше маңызға ие болады. Біздің тарихи-мәдени мұрамыз – елде тұратын барлық этностардың ортақ рухани және зияткерлік үлесінің нәтижесі екенін нақты мысалдар арқылы көрсеткіміз келеді», - деп атап өтті «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев «Қазақстан этностары: еліміздің дамуына қосқан үлестері. Біз біргеміз» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда.

Осы орайда ол қазақ жеріндегі даму үрдісіне лайықты үлестерін қосқан түрлі этнос өкілдерінен тұратын танымал тұлғалардың мәліметтер базасы құрылғанын атап өтті. Бұл жұмыстар аясында қызу пікірсайыстар ұйымдастырылды.

«Талқылау шараларынан кейін ең танымал 50 адады іріктеп, оларға қатысты кітап шығарылды. Осы тұлғаларды үлгі ете отырып, біз жас буынды тәрбиелейтін боламыз»,- деді Кемелбек Ойшыбаев.

Олардың арасында композитор, профессор Брусиловский Евгений Григорьевич, аңызға айналған фольклорист, этнограф, композитор Затаевич Александр Викторович те бар.

Айта кету керек, ХХ ғасырдың басы мен ортасының мәдениет және қоғам қайраткерлерімен қатар, еңбекте Герольд Бельгер, Нина Патрушева, Анатолий Храпатый, Денис Тен және басқа да қазіргі Қазақстанның дамуына үлес қосқан қазақстандықтардың еңбегі атап өтілді.

Өз кезегінде Қоғамның жаңғыруын зерттеу және талдау басқармасының жалпы ұлттық келісім саласындағы процестерді зерттеу тобының бас сарапшы-менеджері Рузия Қамарова биыл еліміздің төрт қаласында конференция аясында диалог алаңы құрылғанын атап өтті.

«Осы конференция аясында бірнеше қалада төрт диалог алаңдарын құрдық. Осы орайда Өскемен, Ақтөбе, Петропавл және Шымкент қалалары қамтылды. Осы диалог алаңдарында біздің алдыңғы қатарлы тарихшыларымыз, архив саласының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері шақыртылды. Бұл тұрғыда Қазақстанның дамуына қосқан үлесі бойынша қай тұлғаларды белгілеудің әдістемесі пысықталды. Осы төрт диалог алаңы қорытындысы бойынша бірінші кезеңде 50 тұлғаны іріктеп, олардың өмірбаяны аясында бізде кітап басылып шығарылды. Бірақ та бұл атқарылатын жұмыстардың тек бастауы болып отыр. Бұдан кейін біз осы тізімді кеңейту үшін жұмыстарды жалғастырмақпыз. Атап айтқанда, Қазақстан тарихында еліміздегі барлық этностардың қосқан үлесі қамтылады және біз оны ұмыта алмаймыз», - деді Рузия Қамарова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT