Қазақстан эстрадасының жұлдыздары қатерлі ісікке шалдыққан әншіге қаржы жинап бермек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан эстрадасының жұлдыздары қатерлі ісікке шалдыққан әнші Жанна Саттароваға көмек ретінде қайырымдылық концертін өткізбек. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасынан хабарлады.

Концерт 11 қараша күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ғимаратында өтеді. Билет сатылымынан түскен қаржы Жаннаның емделуіне жұмсалады. Естеріңізге сала кетейік, әншінің басына түскен қиын жағдай туралы қазан айында белгілі болған еді. Сол уақыттан бері әнші Оңтүстік Кореяда емделіп жатыр. Емдеу шарасы қымбат болғандықтан, оның отбасы мен туыстары көпшіліктен көмек сұрап отыр. Жанна Саттарова - Қазақстандағы жалғыз джаз әншісі, Нью-Йорктағы джаз музыканттарының халықаралық қауымдастығының мүшесі. Сахнада өткізген 20 жылында әнші бірнеше рет халықаралық фестивальдердің жеңімпазы болып үлгерді. Сондай-ақ бірнеше бейнебаян түсіріп, бір жинағын шығарды.

Соңғы жаңалықтар