Қазақстан ерлер құрамасы шаңғы жарысынан универсиаданың күмісін иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Красноярскіде өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындары аясында шаңғы жарысынан ерлер арасындағы эстафета аяқталды. Қазақстан командасы күміс медаль иегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қатысушылар 7,5 шақырымға созылған 4 кезеңді басып өтуі тиіс болды. Жарысқа жалпы есебі 15 команда қатысты.

Қазақстандықтар Ресейді алға жіберіп, екінші орын иеленді. Үшінші сатыда Финляндия спортшылары.

Әйелдер арасындағы эстафетада Қазақстан 4-орыннан көрінген болатын.

Соңғы жаңалықтар