Қазақстан ерлер құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионы атанды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан ерлер құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл күндері Шымкентте нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Бүгін, 13 қыркүйекте пневматикалық қару бойынша командалық сын өз мәресіне жетті.

Нәтижесінде құрамында Эльдар Иманқұлов, Исаченко Владимир және Рахимжан Валерий бар Қазақстан пневматикалық тапаншада 10 м жаттығуы бойынша үздік атанды.

Екінші орынға Сауд Арабиясы жайғасса, Қырғызстан құрамасы үшінші орынға иелік етті.


Соңғы жаңалықтар