Қазақстан энергия жеткізілімі тұрақтылығының арқасында өңірлік көшбасшыға айналды - Мамин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан энергия жеткізілімі тұрақтылығының арқасында өңірлік көшбасшыға айналды. Бұл туралы бүгін XII Kazenergy Еуразиялық форумында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Форумда энергетика әлеміндегі ең маңызды мәселелерді талқылап, тұрақтылық саласындағы қандай да бір шешімдерді әзірлеп, бұл секторды одан ары инновациялау мүмкіндіктерін зерделейміз. Жалпы, энергетикада жоспарлау деңгейіндегі белгілі бір трансформация жүріп жатыр. Бүгінгі күні жаһандық тұтыну құрылымы өзгеріске ұшырауда. Ал бұл индустрияны өзгертуді талап етеді. Бізден қандай да бір жаңашылдық талап етіліп отыр», - деді жиынды ашқан Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта жаһандық экономиканың қарқыны ымырасыз бәсекелестік жағдайында дамып келе жатыр. Қаржы секторында, сонымен қатар индустрияда айтарлықтай құлдырау байқалады. Ал өңірлік тұрақсыздық қайталанатын құбылысқа айналып отыр.

«Қаржы-экономика нарығындағы ірі күйзеліс бізді жаңаратын энергетика көздеріне назар аударуға және инфрақұрылымды бұл сектордағы инновацияларға дайындауға мәжбүрлеп отыр. Бұған қоса, біз энергетика нарығындағы, сондай-ақ жаһандық экономикадағы тұрақтылық пен айқындылықты қолдап отыруымыз керек. Бұл тұрғыда Қазақстанның рөлі барынша танымал болып келеді. Біз энергия жеткізілімі тұрақтылығының арқасында өңірлік көшбасшыға айналып отырмыз. Астана ЭКСПО энергияның жаңа көздерін талқылау үшін тамаша алаң және мүмкіншілік болды. Сол уақытта бері біз жасыл экономикаға дайындалу және жүзеге асыру бөлігінде нақты шараларды енгіздік», - деді Асқар Мамин.

Соңғы жаңалықтар