Қазақстан елшісі Ж.Түймебаев Албания Республикасының Президенті Б.Топиге сенім грамоталарын тапсырды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Жуырда Тирана қаласында Албания Президентінің Сарайында Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Албания Республикасындағы елші қызметін қоса атқарушы Жансейіт Түймебаевтің Албания Республикасының Президенті Бамир Топиге Сенім Грамоталарын тапсыру салтанатты рәсімі болып өтті.

Сенім Грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін Қазақстан Елшісінің Албания Президентімен болған сұхбаты барысында Б.Топи Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларға жоғары баға берді, Албания басшылығының екіжақты және халықаралық мәселелердің кең ауқымы бойынша қазақстан-албания қатынастарын дамытуға әзірлігін растады.

Елші Ж.Түймебаев Албания мемлекетінің басшысына Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ең ізгі тілектерін жеткізіп, Б.Топиге оның таяуда өткен туған күніне орай қазақстандық лидер жолдаған құттықтау хатты тапсырды.

Елші Ж.Түймебаев сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық және инвестициялық салаларда, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салада екіжақты қатынастарды дамыту қажеттілігін атап өтті, мұның екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде едәуір ілгерілеуге және қазақстан-албания қатынастарының сапалы жаңа деңгейге шығуына мүмкіндік беретініне мән берді.

Президент Б.Топи Қазақстанның қазіргі заманғы әлемдегі өсіп келе жатқан рөлін атап өтті, мұның дәлелі ретінде өткен жылы желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Астанада табысты өткен Саммитін, сондай-ақ қазақстандық басшылықтың БҰҰ, ИКҰ, АӨСШК және т.б. маңызды халықаралық ұйымдар шеңберіндегі белсенді саясатын тілге тиек етті.

Ж.Түймебаев Албания Президентіне жылы қабылдау үшін алғысын білдірді және қазақстан-албания қатынастарын одан әрі дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтынына сендірді және Президент Б.Топи Албаниядаға жаңа қазақстандық Елшіге табыс тіледі. Сонымен қатар албан Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа өзінің ең ізгі тілектерін жолдады және Албанияға ресми іс сапармен келуіне шақырды.

Қазақстан Елшісі Албания Премьер-министрі Салим Бериша, Албания Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Эдмонд Хаджинасто, Албанияның Экономика, сауда және энергетика министрі Насип Начо, Албания Парламентінің Сыртқы байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Фатос Бейа, Албания Сауда-өнеркәсіптік палатасының төрағасы Николин Якамен және жетекші албания бизнесмендерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Албания Премьер-министрі С.Беришамен кездесу шеңберінде Қазақстанның әлеуметтік-саяси және экономикалық салалардағы табыстарын қанағаттанушылықпен атап өтті және де қазақстандық үкіметтің әлемдегі қаржы дағдарысының салдарларын еңсеру жөніндегі тиімді саясатын құрметтеуге тұратынына тоқталды. С.Бериша Албанияның экономикалық дамуының келешегін айтып өтіп, қазақстандық кәсіпкерлерді ел экономикасына, соның ішінде энергетика және туризм саласына инвестиция салуға шақырды, сондай-ақ Албания үкіметінің жан-жақты қолдау көрсететініне сендірді.

Ж.Түймебаев Қазақстандағы экономикалық және саяси ахуал туралы және еліміздің өзекті сыртқы саяси міндеттері мен бастамалары туралы ақпарат берді, сондай-ақ Қазақстанның Албаниямен екіжақты және көпжақты ынтымақтастығын жандандыруға әзірлігін айтып өтті.

Қазақстан Елшісі Албанияның ЕО-ға толық құқылы мүшелігінің екіжақты қатынастарды одан әрі дамытудағы үлкен перспективаларын атап өте отырып, Албанияның ЕО-ға кіруі жөніндегі келіссөздер үдерісінің одан әрі ілгерілеуіне табыс тіледі.

Ж.Түймебаев Албания Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Эдмонд Хаджинастомен кездесті. Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың барлық аспектілері мен екі мемлекеттің өзекті екіжақты, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша ұстанымдары бойынша пікірлермен алмасты. Бұдан басқа, Ж.Түймебаев екіжақты қатынастарды дамыту және ынтымақтастықтың басым бағыттарын белгілеу мақсатында Албания сыртқы саясат ведомствосының басшысына екі мемлекет азматтары үшін виза рәсімдерін оңайлату мәселесін де қарауға болатын сімаралық консультациялар өткізуді ұсынды.

Э.Хаджинасто екі елдің барлық бағыттардағы тығыз ынтымақтастығын жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті және өзара белсенді іс-қимылға әзірлігін білдірді.

Сондай-ақ Ж.Түймебаевтің Албанияның Экономика, сауда және энергетика министрі Насип Начомен кездесуі өтті, оның барысында сауда-экономикалық және инвестиция салаларындағы қазақстан-албания ынтымақтастығының жай-күйі мен дамыту перспективасы мәселелері талқыланды. Албания министріне Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік реформалар туралы, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту үшін едәуір әлеует бар екендігі туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

Министр Н.Начо Қазақстанмен сауда, инвестиция, энергетика және туризм салаларында тығыз ынтымақтастықты дамытудың қажеттігін атап өтті.

Ж.Түймебаев Албания Парламентінің Сыртқы байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Фатос Бейамен кездесу өткізді, оның барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, достас елдердің жоғары заң шығарушы органдарының арасындағы қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Ф.Бейа Қазақстандағы саяси және экономикалық жағдай туралы хабардар екендігін көрсетті және біздің елімізде болып жатқан демократиялық үдерістерге қызығушылық білдірді. Албания парламентарийі Қазақстанның және оның көшбасшысы Н.Назарбаевтың маңызды аймақтық рөлін таныды және парламентаралық байланыстарды тереңдету ниетін білдірді.

Сондай-ақ Елші Ж.Түймебаев Албания Сауда-өнеркәсіптік палатасының төрағасы Николин Якамен және жетекші албан бизнесмендерімен кездесті. Албания кәсіпкерлері Қазақстандағы экономикалық және саяси жағдаймен, елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды дамыту жөніндегі шаралармен, Албания бизнесмендері үшін Қазақстан, Ресей және Беларусь Кеден одағының кең мүмкіндіктерімен танысты. Екі елдің әлеуеті мен мүмкіндіктері туралы ақпаратпен алмасу, іскер байланыстарды нығайту және дамыту перспективаларын талқылау мақсатында Ж.Түймебаев Қазақстан мен Албанияның жетекші кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өткізуді ұсынды.

Н.Яка Қазақстан Елшісінің аталған бастамасын қолдады және Қазақстанның экономикалық табыстары елде шын мәнісінде ішкі рынокты, өнеркәсіпті дамытудың, кәсіпкерлікті қолдаудың, шетелдік инвестицияларды тарту мен қолдаудың тиімді тетіктерінің жасалғанының дәлелі болып табылатынын атап өтті.

Қазақстан Елшісі Ж.Түймебаевтің Албания басшылығымен кездесулері жылы және достық ахуалда өтті, сондай-ақ Албания тарапының Қазақстанмен екіжақты және көпжақты қатынастарды дамытуға әрі кеңейтуге деген саяси еркін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар