Қазақстан Елшісі Түрікменстан Президентіне сенім грамоталарын табыстады
«Оғызхан» сарайында өткен кездесу барысында Түрікменстан басшысы бауырлас елдер арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар мен өзара сенім ахуалын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша екі мемлекеттің ынтымақтастығын атап өтті. Бұл ретте, ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екіжақты қарым-қатынастың қалыптасуына және Қазақстан-Түрікмен стратегиялық серіктестігінің дамуына қосқан зор үлесіне ерекше назар аударды», - делінген СІМ хабарламасында.
Мәліметке сәйкес, тараптар саяси-дипломатиялық диалог, сауда-экономикалық ынтымақтастық, екі ел арасындағы ғылыми-техникалық пен мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттестікті дамытуды қоса алғанда, бірқатар өзекті мәселелерді талқылаған.
«Кездесу соңында Г.Бердімұхамедов Елбасы Н.Назарбаев және Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа ізгі тілегін жеткізіп, Елшіге Қазақстан-Түрікмен ынтымақтастығын нығайту үшін табысты және жемісті еңбек тіледі. Сол күні қазақстандық Елші сенім грамоталарының көшірмелерін табыстау үшін Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті», - деді сыртқысаясат ведомствосынан.