+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстан елшісі Түрікменстан министрлерімен кездесті

2020 жылғы 27 ақпан 18:18
Бөлісіңіз:
Қазақстан елшісі Түрікменстан министрлерімен кездесті

АШҒАБАТ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түрікменстан Білім министрі Мамедмурад Гельдыниязовпен және Мәдениет министрі Атагелді Шамурадовпен жұмыс кездесуін өткізді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

М. Гельдыниязовпен кездесу аясында тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ білім беруді цифрландыру, тәжірибе алмасу, оқытушылар мен студенттер алмасу, мектеп және студенттік халықаралық олимпиадаларға қатысу, екі елдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары арасында жеке келісімдер жасасу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, Мәдениет министрі А. Шамурадовпен кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы қазақстан-түрікмен қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға қатысты пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты. Атап айтқанда, ағымдағы жылы екіжақты мәдени іс-шаралар өткізу, оның ішінде Түрікменстанның Қазақстандағы Мәдениет күндері, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мәдени ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын кеңейту, сондай-ақ мәдениет саласындағы ықтимал бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Кездесулердің қорытындысы бойынша қазақстандық дипломат сұхбаттасушыларды Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығына орай 2020 жылы жоспарланған мерейтойлық мемлекеттік іс-шаралар туралы хабардар етті. Сондай-ақ түрікмен тарапын әл-Фараби және Абай мұралары тақырыбы бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумдарға белсенді қатысуға шақырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT