+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Қазақстан елшісі Ташкент хокимімен кездесті

2019 жылғы 25 тамыз 06:34
Бөлісіңіз:
Қазақстан елшісі Ташкент хокимімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Дархан Сатыбалды Ташкент хокимі Джахонгир Артыкходжаевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БАӘ-ге органикалық өнімдерді жеткізуде Қазақстанның әлеуеті зор – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ компанияларын Қазақстанның жер қойнауын зерттеуге шақырды Әбу Даби еркін экономикалық аймағының АХҚО-мен бірлескен жобалары талқыланды

Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі хабарлағандай, кездесу барысында Дархан Сатыбалды Өзбекстан астанасының сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланысты жолға қою ісіне қосқан үлесін атап өтті. Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің өзара іс-қимылды жандандыру бойынша қойған міндеттерін ескере отырып, қазақстандық инвесторлардың Өзбекстан астанасында жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін хабарлады.

Өз кезегінде Джахонгир Артықходжаев инвестицияның өсуіне байланысты Ташкент қаласының құрылыс саласы айтарлықтай жанданғанын сөз етті. Ол Қазақстан елшісін 2025 жылға дейінгі астананы дамыту тұжырымдамасымен таныстырды.

Ташкент хокимі «Астана Опера» және «Астана Балет» ұжымдарының гастрольдерін тұрақты негізде өткізген жөн екенін атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT