Қазақстан елшісі Сауд Арабиясы Короліне Сенім грамоталарын тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан елшісі Берік Арын Сауд Арабиясы Короліне Сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әл-Салам сарайында Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясының Королі, Қасиетті Қос Киенің Сақшысы Салман бен Әбдел Азиз Әл Саудқа Сенім грамоталарын табыстады.null

Кездесу барысында Сауд Арабиясы Королі жаңа сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің ыстық сәлемі мен ықыласын жолдап, Қазақстан халқына толассыз өркендеу мен даму тілектірін білдірді.null

Король Сауд Арабиясының Қазақстанмен жан-жақты ынтымақты дамыту мен тереңдетуге мүдделілігін қуаттай отырып, Елшіге дипломатиялық қызметінде жемісті болуына тілектестік білдірді.

Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға бар күш-жігерін салатынына сендірді. null

Соңғы жаңалықтар