+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қазақстан Елшісі НАТО Бас хатшысына сенім грамоталарын табыстады

2021 жылғы 10 қыркүйек 10:42
Бөлісіңіз:
Қазақстан Елшісі НАТО Бас хатшысына сенім грамоталарын табыстады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы (НАТО) жанындағы Өкілдігінің басшысы, Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенбергке сенім грамоталарын тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар
Моңғолия Сыртқы істер министрінің Қазақстанға алғашқы ресми сапары өтті

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми рәсімнен кейінгі кездесу барысында тараптар Қазақстанның НАТО-мен ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, «Бір серіктес – бір жоспар» тұжырымдамасы аясында Қазақстан мен НАТО арасындағы 2022–2025 жылдарға арналған жаңа Бейімделген серіктестік бағдарламасына байланысты мәселелер қозғалды. Бұдан бөлек, тараптар Ауғанстандағы жағдай және ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі ықтимал шаралар туралы пікір алмасты.

Отандық дипломат НАТО-ның Бас хатшысына Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі туралы, атап айтқанда, «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» (UNIFIL) миссиясына қатысу үшін Қазақстанның бітімгершілік ротасының 120 әскери қызметшісін Ливанға жіберу туралы айтып берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT