Қазақстан Елшісі Моңғолияның премьер-министрімен кездесу өткізді

None
None
ҰЛАН-БАТЫР. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Премьер-Министрі Лувсаннамсрай Оюун-Эрдэнэмен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Елші Лувсаннамсрай Оюун-Эрдэнэні қызметіне тағайындалуымен және дәстүрлі Шаған мерекесімен (ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл) құттықтады.

Кездесу басында отандық дипломат 2021 жылдың 27 ақпанында «Ұлан-Батыр – Алматы» және 5 наурызда «Ұлан-Батыр – Нұр-Сұлтан» бағыттары бойынша эвакуациялық арнайы рейстерді ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Л.Оюун-Эрдэнэ Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастық дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері тұрақты дамуда екенін және осы ынтымақтастық деңгейін арттыру үшін барлық салаларда белсенді бірлескен іс-қимыл жасау қажеттілігін атап өтті.

Осы тұрғыда, моңғол тарапы Моңғолияның бұрынғы Премьер-Министрі Ухнаагийн Хурэлсухтың 2019 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтанға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады. Осы орайда, Л.Оюун-Эрдэнэ жоғарыда аталған сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мақсатында арнайы жұмыс тобын құру бастамасын көтерді.

Сонымен бірге, Премьер-министрі мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды және халықты қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді.

Сонымен қатар, тараптар екі ел арасындағы достық қатынастарды кеңейту мақсатында жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мен бірлескен халықаралық іс-шаралар ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Бұдан басқа, сұхбаттасушылар ауыл шаруашылығы, көлік, туризм, сауда-экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ халықаралық сахнадағы іс-қимылдарды үйлестіру салаларында екіжақты қарым-қатынастардың күн тәртібіндегі бір қатар өзекті мәселелерді конструктивті түрде талқылады.


Соңғы жаңалықтар