+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Қазақстан Елшісі Мажарстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

2019 жылғы 9 желтоқсан 11:22
Бөлісіңіз:
Қазақстан Елшісі Мажарстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

БУДАПЕШТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Елшісі Жәнібек Әбдрашов Будапештегі «Шандор» сарайында Мажарстан Республикасының Президенті Янош Адерге сенім грамоталарын салтанатты жағдайда табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Салтанатты рәсімнен кейінгі кездесуде Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мажарстан басшысы Я.Адердің атына ізгі тілектерін жеткізді. Ж.Әбдрашов Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы, елімізді одан әрі реформалау және қазақстандық қоғамды дамыту жөніндегі ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жолдауында қойылған тапсырмалар туралы айтып берді.

Бұдан бөлек, тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін, сондай-ақ халықаралық проблемаларды талқылады. Атап айтқанда, елші «елдер арасында экономика саласында қажетті шарттық база қалыптастырылғанына, екіжақты институттардың, оның ішінде Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның, Іскерлік кеңестің, Қазақстан-Мажар Тікелей инвестициялар қорының жемісті жұмысына, «Нұр-Сұлтан-Будапешт» авиақатынасына тоқталып өтті.

Президент Я.Адер екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, Орталық Азиядағы өзінің сенімді серігі ретінде қарастыратын Қазақстанмен Мажарстанның стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайту мен дамытуға әзірлігін білдірді.

«Кездесу соңында қазақстандық дипломат екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді. Өз тарапынан Президент Я.Адер Қазақстан Елшісін Мажарстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі», - делінген ҚР СІМ мәліметінде.

Салтанатты рәсім Будапешттегі Мажарстан Батырлары монументіне гүл шоғын қоюмен аяқталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT