Қазақстан Елшісі Малайзияның Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсырды

None
None
КУАЛА-ЛУМПУР. ҚазАқпарат - Малайзияның Король сарайында Қазақстанның Елшісі Болат Иманбаевтың Малайзияның мемлекет басшысы - елдің Жоғарғы Билеушісі Сұлтан Абдуллаға Сенім грамоталарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Малайзияның Мемлекет басшысына жылы құттықтауларын жолдап, еліміздің Малайзиямен өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай кеңейту мен нығайтуға қызығушылығын растады.

Салтанатты рәсімінен кейін өткен екіжақты кездесу барысында Б.Иманбаев Қазақстан мен Малайзия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастары жоғары деңгейімен ерекшеленетінін атап өтті. Атап айтқанда, 2019 жылдың 4 ай қорытындысы бойынша Қазақстан-Малайзия арасындағы сауда көлемі 2018 жылдың кезеңімен салыстырғанда 6 еседен артқанына назар аударды.

Малайзияның мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалап, екі ел арасындағы өзара тиімді, дәстүрлі достық байланыстарды одан әрі нығайтуға әзірлігін растады.

Малайзияның мемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және жаңадан сайланған Президенті Қ.Тоқаевқа өзінің сәлемін жолдап, Қазақстан халқына одан әрі өркендеп, гүлдене беруін тіледі.

Соңғы жаңалықтар