+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қазақстан елшісі Латвия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

2019 жылғы 11 желтоқсан 16:33
Бөлісіңіз:
Қазақстан елшісі Латвия президентіне сенім грамоталарын тапсырды

РИГА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшісі Тимур Пірімбетов Латвия Республикасының Президенті Эгилс Левитске сенім грамоталарын тапсырды. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Президенттің Берлинге сапарынан кейінгі келісімдер қалай орындалып жатыр Қазақстан мен Қырғызстан депутаттары шекарада бірлескен отырыс өткізді Қазақстан Елшісі Израиль Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі шеңберінде Латвия Республикасының Президентімен жеке сұхбат өте жылы және өзара сенім негізінде өтті.

27 жыл бұрын Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан (1992 жылғы 10 желтоқсан).


«Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың барлық салаларын одан әрі кеңейту мен тереңдетуге, сондай-ақ екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін, білім беру, туризм, фармацевтика, IT және жасыл технологиялар, киберқауіпсіздік және т.б. салаларды ілгерілетуге өзара қызығушылық білдірілді. Президент Э.Левитс Қазақстанды өңірдегі басты сауда-экономикалық әріптесі, сонымен қатар Орталық Азиядағы тұрақтылық және қауіпсіздік орталығы ретінде қарастыратынын атап өтті» делінген хабарламада.


Латвиялық көшбасшы Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстан халқын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT