+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қазақстан Елшісі Лаос Президентінің атына бағыттаған сенім грамоталарын тапсырды

2021 жылғы 9 қазан 00:48
Бөлісіңіз:
Қазақстан Елшісі Лаос Президентінің атына бағыттаған сенім грамоталарын тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19 пандемиясы кезінде енгізілген Лаос Халық Демократиялық Республикасының мемлекеттік протоколының ережелеріне сәйкес, Қазақстанның Вьетнамдағы және Лаостағы қоса атқарушы Елшісі Ерлан Байжанов Лаос Президентінің атына жолданған сенім грамоталарын Лаостың Вьетнамдағы Елшісі Сенгпхет Хоунгбоунгнуангқа тапсырды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сенім грамоталарын табыстай отырып, Е. Байжанов ұзақ тарихы бар және соңғы онжылдықта жаңа дамуға ие болған Қазақстан – Лаос қатынастарының тұрақты достық сипатын атап өтті.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Лаос Президенті Тхонглоун Сисулитке жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жолдауыңызды сұрай отырып, достас Лаос халқына бақыт пен гүлденуді тілеймін», – деді отандық дипломат.

Сенім грамоталарын тапсыру барысында тараптар екі ел арасындағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылап, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын түрлі салалардағы ынтымақтастықты жандандыру бойынша одан әрі өзара іс-қимылдың перспективаларын белгіледі.

Анықтама ретінде: 2021 жылда Лаостың Вьетнамдағы Елшісіне Вьетнамда аккредиттелген Армения, Ангола, Грекия, Пәкістан, Финляндия, елшілері сенім грамоталарын тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT