Қазақстан Елшісі қытай халқына «көктем» мерекесіне орай сәлем жолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев көктем мерекесінің келуіне байланысты қытай халқына мерекелік сәлем жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елшінің құттықтауы бүгін қытайдың «Халық газеті» сайтында жарияланды. Онда Шахрат Нұрышев Қазақстан мен Қытай дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бері барлық саладағы байланыстың тереңдеп, екі елдің сан ғасырдан бергі дәстүрлі достық қарым -қатынасының нығайып жан -жақты стратегиялық серіктестік орнатқанын атап өткен.

«2017 жыл екі ел қарым-қатынасының даму тарихындағы ерекше жылға айналды. Мамыр айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға ресми сапармен келді және Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумына қатысты. Ал маусым айында  ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен барып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті мен EXPO-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты»,-делінген құттықтауда.

Сонымен бірге Елші Қытай елінің гүлденіп, одан әрі дамуын, Жаңа жылда әр отбасына табыс, денсаулық бақыт тілейтінін айтқан.

Соңғы жаңалықтар