Қазақстан Елшісі Кувейт Әміріне сенім грамоталарын табыстады

None
None
ЭЛЬ-КУВЕЙТ. ҚазАқпарат - Кеше, 18 қарашада Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Даулет Ембердиев «Байан» сарайында Кувейт Әмірі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахқа сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚРСыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рәсімнен кейін болған кездесу барысында Елші Кувейт Әміріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең ізгі тілектерін жеткізді. Д.Ембердиев біздің елдің басшылығының екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға күш-жігерді еселеуге мүдделігін білдірді.

Елші бүкіл әлемде, оның ішіндеҚазақстанда Кувейт Әмірінің бейбітшілік жолындағы еңбегін жоғары бағалайды және 2014 жылы оған БҰҰ-ның «Гуманитарлық лидер» атағын беру соның дәлелі болып табылады, деп атап көрсетті. Оның идеялары Елбасының бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпау принципін ұстана отырып, мұсылман әлеміндегі таластарды ізгі ниет және сындарлы бағамдау арқылы бейбіт жолмен шешудегі қарым-қатынастарда жаңа парадигма болып табылатын Ислами татуласу үрдісі бойынша бастамасына үндес екендігін жеткізді.

Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы маңызды бағыттар туралы айтып берді. Экономика негіздерін түрлендірудің, транзит-тасымалдық әлеуетті алға жылжыту және инвестицияларды тарту секілді қазақстандық шараларды атап өтіп, елміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық сфералардағы дамуын жаңғырту туралы баяндады.

Сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты тереңдету қажеттілігіне назар аударылды. Екі жақ көптараптылықтың, соғысқа қарсы және ядролық қаруға қарсы бағыттың сенімді жақтаушылары ретінде, атап айтқанда, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сайтында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері ретінде - 2017-2018 жылдары Қазақстан, Кувейт - 2018-2019 жылдары жемісті жұмыс жасады. Сондай-ақ, Н.Назарбаевтың үш диалогқа негізделген жаңа геосаяси шындықты құру, сондай-ақ біздің планетамызды лаңкестік пен жаппай қырып-жою қаруларынан арылту жөніндегі маңызды бастамаларын қолдауды ұсынды. Кувейт Азиядағы болашақ қауіпсіздік жүйесінің архитектурасын бірлесіп құруға мүмкіндік беретін АӨСШК процесіне қатысуға шақырылды.

Кувейт үстіміздегі жылдың 1 қазанынан бастап визасыз режімі бар елдер тізіміне енгізілді, одан бұрын Қазақстан мен Кувейт арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім күшіне енген болатын. Біздің экономикалық қатынастарымыздың инвестициялық құрамдас бөлігін нығайту үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Кувейт Әмірі шейх С. Ас-Сабах Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына жоғары баға берді. Кувейттің Қазақстанмен екіжақты және халықаралық мәселелердің кең ауқымы бойынша қатынастарды одан әрі дамытуға әзірлігін растады. Шейх С. Ас-Сабах Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевқа және ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевқа өзінің жылы тілектерін жолдап, Елші Д.Ембердиевтің жұмысына табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар