Қазақстан елшісі Катар бизнесмендерін елімізге инвестиция құюға шақырды

None
None
ДОХА. ҚазАқпарат – Бүгін Катар астанасында «Қазақстан – экономикасы тартымды әрі инвестицияға қолайлы ел» (Kazakhstan as an attractive economy and investment destination) форумы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік-экономикалық тұстарын түсіндіруге арналды. Оны Қазақстанның Катардағы елшілігі сол елдің сауда және индустрия министрлігімен ынтымақтаса отырып ұйымдастырды.

«Intercontinental Doha» қонақүйіне Катардың экономика, сауда, инвестиция, қаржы салаларындағы мемлекеттік және жекеменшік құрылымдарының өкілдері қатысты.

Елші Асқар Шоқыбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айтылған басты мәселелерге тоқталды. Тікелей инвестициялар қорының, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының, «Қазақинвест» ҰК» АҚ өкілдерінен құралған Қазақстан делегациясы форум қатысушыларына Қазақстан экономикасындағы түрлі жобалар туралы баяндап, катарлық әріптестерімен өзара мүдделі кездесулер өткізді.

Форум нәтижесінде Катар мен Қазақстан өкілдері арасында бірқатар келісімге қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар