+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Қазақстан Елшісі Қатар Әміріне сенім грамоталарын тапсырды

2020 жылғы 28 қыркүйек 22:57
Бөлісіңіз:
Қазақстан Елшісі Қатар Әміріне сенім грамоталарын тапсырды

ДОХА. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәниге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Грамоталарды тапсыру рәсімінен кейін болған сұхбат барысында қазақстандық дипломат Әмірге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді. Елші Қатар Мемлекеті Қазақстан үшін маңызды және сенімді серіктес екенін айта келе, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін салатынына сендірді», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратында.

Сондай-ақ А.Исағалиев Қазақстанның, экономикалық және әлеуметтік салаларда қол жеткізген соңғы жетістіктері туралы баяндап, Қазақстан Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты халыққа жолдауының негізгі тармақтарымен таныстырды.

Өз кезегінде, Әмір Қазақстан Елшісін Қатардағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, Қазақстан-Қатар ынтымақтастығын одан әрі кеңейту жолындағы жұмысына сәттілік тіледі. Шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәни Орталық Азиядағы өзінің басты серіктесі деп санайтын Қазақстанмен байланысты жан-жақты дамытуға үлкен мән беретінін атап өтті. Әмір 2014 жылы елімізге жасаған ресми сапарын есіне алып, бұл оның осы өңірге алғашқы келуі болғанын атап өтті. Ол біздің еліміз туралы жылы лебізін білдіріп, оның маңызды саяси салмағы мен елеулі экономикалық әлеуетін баса көрсетті.

Қатар Әмірі 2019 жылғы маусымда Душанбеде АӨСШК V саммиті аясында ҚР Президенті Қ.Тоқаевпен кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, биылғы наурызда Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланғанын айтты. Алайда, сапар мерзімі әлемдегі коронавирус індетіне байланысты кейінге шегерілді. Шейх Тәмим жақын болашақта Нұр-Сұлтанға сапармен барып, Президент Қ.Тоқаевпен екіжақты ынтымақтастықтың барлық мәселелерін, ең алдымен сауда-экономикалық және инвестициялық салаларды талқылайтынын уәде етті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT