Қазақстан елшісі Испания Короліне сенім грамотасын тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Константин Жигалов Король VI Фелипеге сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Елшісі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін испандық монарх пен оның әкесі Король I Хуан Карлосқа жолдап, Елбасының туған күні мен Астананың 20-жылдығына орай жылы құттықтауы үшін Мемлекет басшысы атынан Король VI Фелипеге тағы да алғыс білдірді.

Өз кезегінде, Король өзінің Қазақстанға сапары мен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің ашылу салтанатына қатысуын жылы лебіздермен еске алатынын хабарлады.

Кездесу барысында, оған Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрі Жозеп Борелл де қатысты. Тараптар бірқатар екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық проблемалардың өзекті мәселелерін талқылап, 2009 жылы қол қойылған Стратегиялық әріптестік жөніндегі келісімнің негізінде қалыптасқан достық және серпінді дамып келе жатқан қазақстан-испандық қатынастардың сипатын атап өтті.

Сауда-экономикалық байланыстардың дамуына ерекше көңіл бөлініп, ағымдағы жылғы 27 қыркүйекте кезекті отырыстары Астанада өтетін Экономика және өнеркәсіп саласындағы үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес сияқты құрылымдардың маңыздылығы баса айтылды.

Король VI Фелипе біздің еліміздің халықаралық дипломатия саласындағы жемісті жұмыстарын жоғары бағалап, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметі мен дінаралық диалогты нығайту бойынша күш-жүгерін айрықша атап өтті. Осы ретте, Монарх Қазақстанға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезін Астанада табысты өткізуіне тілектестігін білдірді.

null 

Соңғы жаңалықтар