+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Қазақстан елшісі Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрімен кездесті

2020 жылғы 12 ақпан 19:35
Бөлісіңіз:
Қазақстан елшісі Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 11 ақпанында Загреб қаласында Қазақстанның Елшісі Төлежан Барлыбаевтың Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич Радманмен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жүрген шетелдіктердің визалары 20 сәуірге дейін ұзартылады Асқар Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті Төтенше жағдай режимі кезінде шекара арқылы өтуге қандай жағдайда шектеу қойылады

Кездесу барысында хорват министрі Брюссельде ҚР-ЕО ынтымақтастық кеңесінің 17-ші отырысы барысында ҚР СІМ басшысы Мұхтар Тілеубердімен жақында болған келіссөздердің нәтижелеріне жоғары баға берді. Ол осы жылдың І-ші жартыжылдығында Еуропа Одағының Кеңесіне Хорватияның төрағалық ету миссиясы туралы айтып, ЕО мен ҚР арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар екіжақты байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап, оған Хорватияның Нұр-Сұлтан қаласында Елшілігі мен Сплит қаласындағы ҚР консулдығының ашылуы, экономикалық ынтымақтастық туралы және қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімдердің күшіне енуі, сонымен қатар 2019 жылдың сәуірінен бастап ҚР және XР сыртқы істер министрлерінің төрт ресми кездесуі дәлел болды.

Елші биыл Загребте жоспарланған экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия Үкіметаралық комиссияның 1-ші отырысының өткізу мерзімінің пысықталуын, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылдың маусымында өткізуі жоспарланған Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) 12-министрлік кездесуіне дайындық барысы туралы хабардар етті.

Г.Грлич Радман 2020 жылғы маусымда ДСҰ-ның министрлік конференциясына қатысу, сондай-ақ қазақстандық серіктестермен екіжақты келіссөздер жүргізу үшін Қазақстан астанасына бару ниетін растады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР СІМ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT