Қазақстан Елшісі Эфиопия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

None
None
АДДИС-АБЕБА. ҚазАқпарат - Эфиопиядағы Қазақстан Республикасының Елшісі Барлыбай Садықов ел Президенті Сахлеворк Зевде ханымға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кездесу барысында, екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағы талқыланды. Тараптар екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың достық және сындарлы сипатын атап өтіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілік танытты», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Елші Б. Садықов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі мазмұнымен, елдің ішкі және сыртқы саясатының басым бағыттарымен, екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ұсыныстармен таныстырды.

Өз кезегінде, Эфиопия Президенті С. Зевде Қазақстанды Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асырылған табысты саяси және экономикалық өзгерістермен құттықтады. Сондай-ақ БҰҰ-дағы жұмысы бойынша таныс болған Президент Қ. Тоқаевпен белгіленген мақсаттар мен міндеттердің табысты жүзеге асырылуына сенім білдірді. С. Зевде сондай-ақ өзара іс-қимылдың барлық салаларында эфиопиялық тараптың Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға деген ықыласын білдірді және осы қызметке тұрақты қолдау көрсететініне сендірді.

Қазақстан Республикасы мен Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 2011 жылғы 5 қыркүйекте ноталар алмасу жолымен белгіленген.

Бүгінгі таңда, Эфиопиямен саяси және экономикалық байланыстар одан әрі дамып келеді. Қарым-қатынас бағыттары пысықталуда, ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы ортақ мүдделерді іздеу жұмысы өте табысты және қарқынды жүріп жатыр.

2018 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 86,4 мың АҚШ долларын құрады (экспорт – 0,4мың АҚШ долл), импорт – 86 мың АҚШ долл).

Соңғы жаңалықтар